Қытайдың Хэйлунцзян провинциясының Ресеймен шекарасында орналасқан көмір шахтасын су басу салдарынан жиырма алты шахтер жер астында қалып қойды, деп хабарлайды Синьхуа агенттiгі.
Хэйлунцзян провинциясы Цитайхэ қалалық округінің Боли уезіндегі «Хэнтай» шахтасын сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-дер шамасында су басты.
Су басқан кезде шахтада 32 адам болған. Олардың алтауы қазіргі таңда жер бетіне шығарылды, қалғандарды құтқару жұмыстары жалғасуда.
Қазақ
Русский
English