Горнопромышленный портал,Новости,Горное дело,Горное оборудование,Виртуальная выставка,Каталог оборудования

10.02.2012 10:28
Rate this item
(0 votes)

«MRM International» неміс компаниясы Павлодар химия өнеркәсібін инвестициялауға дайын [bnews.kz]

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ге ресми сапары барысында «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ «MRM International» неміс компаниясымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы «BNews.kz» АА тілшісіне «Павлодар» ӘКК баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталмыш меморандум ҚР қолданыстағы химиялық өндірісін дамытуға серіктестік орнатуды және «Павлодар» арнайы экономикалық аумағына шетелдік тұра инвестицияны тартуды қарастырады», - деп ескерді корпорацияның баспасөз қызметі.

«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Даниял Мұхаметқалиевтің айтуына қарағанда, «MRM International» компаниясымен серіктесу арнайы экономикалық аумаққа технология трансфертін қамтамасыз етіп, операциялық рәсімдер барысында үздік әлемдік тәжірибелерді ингеруге көмектеседі.

bnews.kz

 

Рейтинг@Mail.ru Тиц и pr сайта Яндекс цитирования Яндекс.Метрика

Бизнес-инфо: