BNews.kz - Индустрияландыру картасына 5 жоба қосылды. Бұл туралы АстанадаҮкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Әрбір жоба бойынша жұмыс тобы құрылып, жол картасы дайындалды. 5 жоба қазірдің өзінде индустрияландыру картасына қосылды. Бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы, Балқаш стансасының, Атырау облысындағы газхимиялық кешеннің құрылысы, АМӨЗ-дегі мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы және «Бурабай» туристік орталығын құру», - деді Ә.Исекешев. Министр бұл жобалар уақытында тапсырылатынын атап өтті, қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазақ
Русский
English